Петропавл полицейлері райдерлер мен велосипедшілер арасында профилактикалық жұмыстарды жандандырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері райдерлер мен велосипедшілер арасында профилактикалық жұмыстарды жандандырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалада трюктерге арналған велосипедтер, гироскутерлер және электр самокаттар қаптап кетті. Жақында жергіжәне мен Әуезов көшелерінің қиылысында профилактикалық іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары электр самокаттар мен велосипед мінген адамдармен әңгімелесіп, оларға жол жүру ережелерін еске салды, сонымен қатар арнайы жадынамалар таратты. Олар полицейлердің ережелерді сақтау туралы өтінішіне түсіністікпен қарады.

– Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, велосипедшілер мен самокат мінгендер арасында жол жүру қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясын өткіздік. Кездескен велосипедшілерге ережені түсіндірдік, жадынама тараттық, жолда жүру ережелерін қаншалық меңгергенін сұрадық. Білмесе жолдар мен аулаларда қалай жүру керек түсіндірдік, – дейді рейдтің өткізілуіне бастамашы болған блогер Виктория Синяковская.

ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, жыл басынан велосипедшіні қағып кетумен байланысты бір жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам зардап шеккен. Бұл – ресми мәлімет, ал полиция мен медициналық мекемелерге жүгінбегендер қаншама?

Маусым айының соңында Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР заңына қол қойды. Заң 2023 жылғы 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Заңға шағын электрлі көліктер мен электрлі самокаттардың жұмысын реттеу бөлігінде түзетулер енгізілмек. Түзетулерге сәйкес, тротуармен жүрген уақытта жылдамдық 6 км/сағатқа дейін төмендетілуі тиіс, ал жолдармен жүрген уақытта самокат басқаратындар шлем киіп, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz