2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 301 мың зейнеткер тұрады.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.
— Республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 590,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 333,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді, — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Еңбек министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, іске асыру, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидалары бекітілді.