Әйгілі ғарышкер Александр Викторенко дүние салды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-ның құрметті азаматы, атақты ғарышкер, жерлесіміз Александр Степанович Викторенко дүниеден өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Бүгін 76 жасқа қараған шағында ғарышкер Александр Викторенко дүние салды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желдіге жеке парақшасында әйгілі жерлесімізді еске алып, көңіл білдірді.

— Александр Викторенко Шал ақын ауданына қарасты Ольгинка ауылында дүниеге келді. Орынбордағы жоғары әскери авиациялық училищесін тамамдаған. 1978 жылы Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығына қабылданып, аэро-ғарыш саласында көп жылдар бойы еңбек етті. Жерлесіміз ғарышқа алғаш рет 1987 жылы «Мир» станциясынан ұшты.

Бүгін атақты жерлесіміз өмірмен қош айтысты. Бұл қайғылы жаңалықты естіп, ғарышкердің туыс-жақындарына көңіл айтамын, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz