Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831 теңге, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 301 мың зейнеткер тұрады.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

— Республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 590,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 333,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді, — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, іске асыру, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидалары бекітілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz