«Севказэнерго» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды. Енді компанияның бас директоры лауазымын қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының құрметті энергетигі Анатолий Казановский атқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Анатолий Казановский Тайынша ауданыдағы Тайынша қаласында дүниеге келген. Оның «салықтар және салық салу», «кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану» және «Электр энергетикасы»мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
— Энергетика саласындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Электр энергиясын бөлу және бақылау басқармасының бастығы, «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ вице-президенті, «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы»АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды. «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының құрметті энергетигі» атағымен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған , — «СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ ресми сайтында жазылған.
Анатолий Казановский тамыздың 7-нен бастап, «Севказэнерго» АҚ бас директоры қызметінде.