Қазақстанда әуе тасымалының құны 11% қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Биыл шілде айында Қазақстандағы әуе көлігі қызметтерінің бағасы жылдық динамика бойынша 10,5% өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өңірлік тұрғыда бағаның өсуін Жетісу өңірінің тұрғындары көбірек сезінді: бірден 52,7% қымбаттаған. Көшбасшы үштікке Қызылорда (плюс 46,9%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,9%) облыстары да кірді. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Еліміздің 20 өңірінің тағы 6 өңірінде – Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалының қызметі арзандаған.

Биыл бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша әуе компаниялары 5,9 млн адамды тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,8% артық. Алматыға ең көп жолаушылар тасымалданды: 2 млн адам, плюс жылына 28,5%. Одан кейін Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам). Ең аз жолаушылар Алматы облысында әуе көлігімен тасымалданған: бар болғаны 2,8 мың адам. Жолаушылар айналымы 11,7 млрд пкм болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 46,5% көп.

Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 11,4 мың тонна болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,7% көп. Алматыға 6,7 мың тонна, Шымкентке 3,1 мың тонна, Астанаға 1,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды. Қаңтар-маусым айларында жүк айналымы 24,6 млн ткм болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6% көп.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz