Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары ауыл шаруашылығы саласына жұмысына сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, сондай-ақ 13 аудандық және қалалық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың 23 тәуекелі анықталып, 34 ұсыным әзірленді. Мәселен, жер пайдаланушылардың бірқатар әкімшілік кедергілері жойылды.

— Шалақындық «Темірханов» шаруа қожалығына жер учаскесін пайдалану құқығын ұзартпау фактісі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 51750 теңге сомасында айыппұл төледі, — дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов.

Бүгінгі таңда фермерлерді алаңдатып отырған  өзекті мәселенің  бірі – мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу. Биыл «Qoldau» ақпараттық жүйесінің орнына «Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі» платформасы қолға алынған болатын. Департамент жүйенің жұмысына мониторинг жүргізіп, gosagro.kz бірқатар жүйелік олқылықтар мен кемшіліктерді анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz