ҚР МҚІА таратқан ақпарат бойынша, іріктеуге өтінімдер pkrezerv.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты.
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау.
- Сыртқы саясат және инвестициялар.
- Экономикалық және қаржылық саясат.
- Цифрландыру.
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- құжат қабылдау;
- мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- құзыреттерді бағалау (Assessment center и HR-сұхбат);
- сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар осы жылғы желтоқсанда жарияланады.