Сотталғандар жұмыспен қамтылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық  қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №50 түзету мекемесіне баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

     —   Мекемеде  200-ден астам сотталған әйел жазасын өтеуде. Мекеме аумағында 8  серіктестік жұмыс істейді. Олар киім тігу, жұмсақ ойыншықтар, жылыжайлар, тротуарларға арналған плиткалар жасаумен айналысуда. Сотталғандардың  96,8 пайызы жұмыспен қамтылған.  Жазасын өтеп жатқандардың басым бөлігі ұрлық жасап, істі болғандар, — дейді №50 түзету мекемесінің  бастығы әділет подполковнигі Қанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, мекеме аумағында орналасқан арнайы мектептерде және колледждерде бірнеше мамандық (тігінші, қаптаушы, дизайнер-модельер, шаштараз, ландшафт дизайнері) бойынша орта және арнайы орта білім алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ әр жұма сайын сотталғандар арасында тәрбиелік бағыттағы іс шаралар өткізіледі. Элегия әдеби клубы, дебат клубы, костюмдерді тігу, актерлік шеберлік клубы, концерттер ұйымдастырылып тұрады. Мекемедегі «Щеголева», «Мурсалимова», «Шмагнов», «Данилова» , «Логинова», «Башимов» жеке кәсіпкерліктері «Еңбекпен тамақ та, киім де табылады!» деген қағиданы  ұранға айналдырған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz