1 қыркүйекте президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
1 қыркүйек күні президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге өтінім қабылдана бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР МҚІА таратқан ақпарат бойынша, іріктеуге өтінімдер pkrezerv.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты.
  2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау.
  3. Сыртқы саясат және инвестициялар.
  4. Экономикалық және қаржылық саясат.
  5. Цифрландыру.
  6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • құжат қабылдау;
  • мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • құзыреттерді бағалау (Assessment center и HR-сұхбат);
  • сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар осы жылғы желтоқсанда жарияланады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz