СҚО-да жыл басынан бері 646 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста мас жүргізушілердің кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бейсенбі күні Петропавлдағы саяжай кооперативтерінің бірінің аумағында қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Lifan» маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында полицейлер 41 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Оны медициналық куәландырудың қорытындысы да дәлелдеді.

«Lifan» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың сакциясына сәйкес, құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыштың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардағы апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау мақсатында — тамыздың 8-13 аралығында облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Екі күннің ішінде жол жүрісі қағидаларының 677 бұзушылығы тіркелді: мас күйінде көлік құралдарын басқарған 15 жүргізуші ұсталды, көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік құралдарын басқаруының – 2, жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдауының – 2 фактісі анықталды.

– Көлік құралдарының жүргізушілерін жолда сақ болуға, жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға және рөлге отырғанда сіз өз өміріңіз үшін ғана емес, жол қозғалысының қалған қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді есте сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті Григорий Тыш.

Жыл басынан бері СҚО жолдарында 646 мас жүргізуші ұсталды. 7 ай ішінде олардың кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 20 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Жалпы, облыста жыл басынан 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам қаза тауып, 266 адам жарақат алды.

А

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz