Облыс тұрғындарының орташа жалақы көлемі 273 814 теңгені құрады. Бұл мәліметтерді Ұлттық статистика бюросының департаменті келтіруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, бір жыл ішінде номиналды индекс 17,6%, нақты индекс 0,5% құрады.
Салалар арасында ең жоғары жалақы қаржылық және сақтандыру қызметінде 421 276 теңгені құрады, бұл орташа облыстық деңгейден 1,5 есе артық. Екінші орында — Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлеріне тиесілі, ол 362 450 теңгеге жетіп отыр. Кен өндіру өнеркәсібіндегілер 351 656 теңге көлемінде айлық алады.
Қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің жалақысы әлдеқайда төмен болып отыр. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жасайтын азаматтардың орташа жалақысы небәрі 63 119 теңгені құрайды, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 4,3 есе аз. Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсететін компанияларда-135 114 теңге, бұл облыстағы орта көрсеткіштен 2 есе кем. Әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер айына 142 367 теңге табыс тапты.
Білім беру саласында орташа жалақы – 293 мың теңгеге, құрылыста – 285 мың теңгеге, денсаулық сақтауда – 280,1 мың теңгеге жетті.