Биыл мектептерге жаңа 29 автокөлік сатып алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста мектепке 75 248 бала барады. Оның 7 247-сі  бірінші сынып оқушысы атанады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың мәліметінше, биыл 297 елді мекенде тұратын 2 621 бала мектеппен автобуспен жеткізіледі. Бұл ретте олардың мыңы мектеп жанындағы интернаттарда тұрып, демалыс күндері үйлеріне қайтып тұратын болады.

— Облыста 143 автокөлік бар. Жазда біз 29 шағын автобус сатып алдық. Жаңа оқу жылының алдында аудандық білім бөлімдеріне кілттерді табыстаймыз, — дейді Нәзір Жәшібеков.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балаларына қаржылай көмек көрсету де жоспарланып отыр. Бөлінген қаржы оқушылардың ата-аналарына беріледі. Бұл материалдық көмек балалардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамту мақсатында бөлініп отыр. Бір балаға — 40,5 мың теңге қарастырылған.

Биыл бастауыш сынып оқушылары, яғнм 39 мыңға жуық бала мектептерде тегін тамақтанатын болады.

Биыл оқулықтар мен көркем әдебиетке 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz