Полицейлер оқушылармен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары өңірдегі мектептердің оқушыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция басшылығының өкілдері Петропавлдағы және аудандардағы 20-ға тарта мектептің оқушыларымен кездесті. ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев жасөспірімдер электрлі самокатпен және велосипедпен жүрген кезде жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауы қажет екенін айтты. Сондай-ақ оқушыларға түнгі уақытта үй-жайдан тыс заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтынын ескертті.

ПД бастығының тергеу жұмысы бойынша орынбасары Еңбек Сембин буллингтің қаупі, қылмыс пен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. Ал полиция департаменті бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Сәуле Андағұлова оқушылар мен жасөспірімдерге қатысты маңызды мәселелерге тоқталған соң, мектепті аяқтауға таяу қалған оқушыларды ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуға және ішкі істер органдарында қызмет атқаруға шақырды.

ПД бастығының орынбасары Айдос Ідірісов жоғарғы сынып оқушыларына құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алу туралы айтып өтті. Барлық спикер өз дәрістерінде қоғамдық орындарда, жолдарда жасөспірімдер мен балалардың өз-өзін ұстау тәртібіне, интернет кеңістігіндегі сақтыққа баса мән берді.

Осындай кездесулерді петропавлдық мектептерде Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев пен оның орынбасарлары өткізіп жатыр. Жергілікті полиция қызметі басқармасында хабарлағандай, жақын уақытта облыстың басқа білім ошақтарындағы оқушылармен полиция ведомствосы аппаратындағы қызметкерлер мен басқармалардың бастықтары да кездеспек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz