Игібай Әлібаевтың «Тарихта қалған нар тұлға» шығармалар жинағы жарық көрді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Айтыстың ақтаңгері, жезтаңдай әнші, облыстың халық ақыны Игібай Әлібаевтың «Тарихта қалған нар тұлға» шығармалар жинағы оқырмандар қауымына жол тартты. Жинақ Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспасында басылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Кітап үш бөлімнен тұрады. Туындыдағы  «Қызылжар – қарт Есілдің баласындай» деген бөлімде ақынның өлеңдері топтастырылған. «Қызбел», «Домбыра», «Биші қыз» поэмалары екінші бөлімге енгізіліпті.  Ал соңғы үшінші «Облыстың халық ақыны» бөлімінде өлкетану бағытында қалам тербеген жерлестеріміздің ақын туралы жазған материалдары көрініс тауыпты.

Игібай ақынның көзі тірісінде «Айтуар» кітабынан басқа  туындысының жарық көрмегені бәрімізге аян. Шығармашылығы мен өмір жолы газет-журнал беттерінде қанша  жазылса да, айтулы жерлесіміздің артына қалдырған мұрасы топтастырылған жинақтың жоқ екендігі талай мәрте көтерілген.

        — 1974 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан «Айтуар» деген атаумен пышақтың қырындай ғана кітап жарық көрді.  Бұл туындының шығуына қазақтың қабырғалы қаламгері, классик жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқанов қол ұшын созды. Жазушының «Әншi ақын»  атты алғысөзінде И. Әлібаевтың сегіз қырлы, бір сырлы азамат болғаны  көркем кестеленген. Арада елу жыл өткеннен кейін ақынның немересі Көгаршын Жалбарқызы  жинаған материалдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жазған ой толғаулары бір кітапқа енгізіліп отыр. туындының жарыққа шығуына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жақсылық  Қажымұратов ағамыздың сіңірген еңбегі орасан. Ол кісі  өз ауылының азаматтарын ұйымшылдыққа шақырып, игі істің бас-қасында жүрді, , — дейді кітапты  құрастырушылардың бірі Самрат Құскенов.

«Тарихта қалған нар тұлғаның» жарық көруіне ақынның туған жері – Айтуар ауылының азаматтары: Мәди Базаров,  Шыңғыс Қабдуллин, Бағыт Манасбаев, Дәурен Байғабыловтар көрсетсе, Жамбыл ауданының әкімі Медет  Оспанов кітаптың Алматыдан Қызылжарға жетуіне жағдай жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz