ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында фермерлер үшін дизель отынының бағасын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, бір литрінің құнын 238 теңгеге дейін төмендетті.
— Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың Энергетика министрлігі ұсынған бір литріне 12 теңге деңгейіндегі маржасын ескергенде, «жеңілдікпен берілетін» дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (1 литрі — 295 тг), делінген хабарламада.
Компаниядағылар егін жинау науқанында ҚР Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі — 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.