Заңсыз саудаланған темекі тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер құны 3 млн. теңгеден асатын акцизделмеген темекіні тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласындағы Астана көшесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдерін сатқан екі сауда нүктесін анықтады. Дүкендерде құрамында спирт бар 285 литр сұйықтық пен 1805 темекі қорабы тәркіленді. Кейін осы сауда орындарының қоймаларын тексеру кезінде жедел уәкілдер тағы 7921 қорап темекіні тапты.

Темекі қорабының орташа бағасы – 350 теңге. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналды. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан мас күйде жасалған 329 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Полиция қызметкерлерінің осындай фактілерді анықтау жөніндегі жұмысы жалғастырып жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz