Фермерлер үшін дизель отынының бағасы біршама төмендеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ фермерлер үшін дизельдің бір литрінің бағасын 238 теңгеге дейін төмендетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚазМұнайГаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында фермерлер үшін дизель отынының бағасын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, бір литрінің құнын 238 теңгеге дейін төмендетті.

— Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың Энергетика министрлігі ұсынған бір литріне 12 теңге деңгейіндегі маржасын ескергенде, «жеңілдікпен берілетін» дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (1 литрі — 295 тг), делінген хабарламада.

Компаниядағылар егін жинау науқанында ҚР Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі — 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz