СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жаңа басшы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Асхат Джакипбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Асхат Саттарханұлы Джакипбеков 1978 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын тәмамдаған, юриспруденция магистрі.

Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.

2001-2021 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметтерде болды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ал бұған дейін осы лауазымда болған Сергей Перов Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін басқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz