Полицейлер сауықтыру лагерлерінде кезекшілік етуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері балалардың сауықтыру лагерьлерінде кезекшілік етуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары “Ақ қайың” лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті. Тәртіп сақшылардың ақыл-кеңестерін тыңдауға әртүрлі жастағы жүзге тарта бала жиналды.

Полицейлер балаларға қылмыс пен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, жол үстіндегі қауіпсіздік туралы айтты. Атап айтқанда, олар жол ережелерін қатаң сақтауға және бала кезінен электрлі самокаттар мен велосипедтерді мінген кезде тәртіпті сақтауға, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ балаларға түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс болғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы еске салды. Бұдан бөлек, полицейлер интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері жайлы хабардар етті; әрқашан сақ болуды және ата-аналарына, ата-әжелеріне және қарт көршілеріне профилактикалық ұсыныстарды айтып жеткізуді сұрады.

– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі. Тамыз айының соңынан және қыркүйек айы бойы біз балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырып, жүргізетін боламыз. 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында облыста жедел алдын алу іс-шарасының дайындық кезеңі, ал 6 және 30 қыркүйек аралығында “Назар аударыңыз, балалар!” іс-шарасының негізгі кезеңі өткізілетін болады. Жыл басынан облыстың ювеналдық полицейлері жүздеген профилактикалық түнгі рейд пен тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуын) бұзудың 1925 және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаудың 557 фактісі анықталды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz