19 жастағы жігіттің мүрдесі табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда туған-туыстары іздеу жариялаған 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:08 минут кеткенде Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» пультіне ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түскен. Телефон соққан адам дененің Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан ғимараттан алыс емес жерде жатқанын айтқан.

Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 9 қазан күні туыстары полицияға жүгініп, жігіттің із-түзсіз жоғалғанын айтып, іздеу жариялаған.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz