Есіл өзенінде балық қырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сергеев су торабының төменгі бөлігінде орналасқан Есіл өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО экология департаментінің мәліметінше, оқиға орнына экологтар, Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шал ақын ауданының ветеринария қызметі, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы барды.

Есіл өзенінің жағалауы тексеріліп, комиссия балықтың нәлім мен көксерке түрінің шамамен 30-40 келісі қырылғанын анықтады.

Экология департаментінің қызметкерлері су сынамаларын, ал ветеринария қызметінің мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балықтардың өлексесін алды.

Жергілікті атқарушы органдар санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балықты жинап алып, жойды.

Зерттеу нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Тамыз айының басында СҚО Жамбыл ауданындағы Питное көлінде балық қырылғанын айтқан едік. Мамандардың есебі бойынша центнерге жуық мөңке мен алабұға балығы өлген. Су жәндіктерінің неден қырылғанын анықтау үшін көл суының сынамасы, сондай-ақ өлген балықтың ұшасы лабораториялық сараптамалар жүргізу үшін алынды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz