Қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды. Жолаушылар карта арқылы төлем жүргізсе, оның құны 100 теңге, қол-қолма ақшамен көлемі 170 теңге болмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары  Әділбек Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 2017 жылдан бері көтерілген жоқ. Биыл орайы туып, жергілікті атқарушы билік өкілдері жолақысын қымбаттатуға шешім шығарды. Бұған дейін бұл сұрақ  қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясында көтеріліп, депутаттар жаңа енгізілетін өзгерісті қолдады.

— Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың шығындарының өсуіне қарамастан 5 жылдан астам уақыт бойы тариф өзгертілген жоқ. Қазір тұрғындар картамен 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен 130 теңге төлеп келеді. Енді қоғамдық көлікте жолақысы картамен 100 теңге, қолма-қол 170 теңге болмақ. Оған дейін әділет органдарында бұл шешім бекітіліп, арнайы қаулы шығарылады. Бір-екі аптаның ішінде жаңа тариф өз күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз, — дейді Әділбек Әубәкіров.

 

Күн сайын қала тұрғындарына қызмет көрсетуге 185 автобус шығады. Олар 18 бағыт бойынша қатынайды.   

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz