Қостанайлық«Тобыл» футбол клубы Конференция лигасының плей-офф сатысына шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Отандық команда үшінші іріктеу сатысында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасымен шеберлік байқасты. Кездесу барысында екі клуб шабуылға көбірек көңіл бөлді. Бірінші болып, «Дерри Сити» сапынан Уильям Петчинг 15-минутта қостанайлық клуб қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ.Осылайша қостанайлықтар 0:1 есебімен жеңілді.
Алғашқы кездесуде «Тобыл» аталған қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен еді. Осылайша, екі ойынның нәтижесімен есеп теңесіп, ойын овертаймға ұласты. Қосалқы таймдарда есеп өзгерген жоқ. Пенальти сериясында «Тобыл» жеңімпаз болды.
Енді олар плей-офф сатысында Чехияның «Виктория» Пльзень (Чехия) командасымен кездеседі. Аталған ұжым үшінші іріктеу сатысында Мальтаның «Гзира Юнайтед» клубын (2:0, 4:0) қапы қалдырған болатын.
«Тобыл» Конференция лигасының алғашқы екі іріктеу сатысында Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарын жеңді.