Иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері Петропавлда иттер мен мысықтарды бағып-қағу және серуендету қағидаларын бұзған 410 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларының бұзушылықтарын ескерту, тазалықты сақтау және абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Саябақтар мен көшелерде учаскелік полиция инспекторлары жануарлардың иелерімен әңгімелесеу жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертеді.

Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – профилактикалық сипаттағы жұмыстар жүргізу және түсіндіру. Төрт аяқты серіктерін бағып-қағып жүрген қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің жұмысына және бекітілген талаптарға түсіністікпен қарайды. Дегенмен, бұзушылықтар да жоқ емес. Адамдардың кейбірі иттеріне тұмылдырықтарын тақпайды, оларды жетектемей, қарғы бауын шешіп, бос қоя береді. Егер қабаған ит белгілі бір себептермен көшеде емін-еркін жүрсе, бұл айналадағылар үшін өте қауіпті. Мұндай жағдайларда тәртіп сақшылары хаттама толтырады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ол – 34 500 теңге. Жыл басынан облыс орталығында осындай бұзушылықтар үшін 400-ден астам адам жауапқа тартылды.

Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, бұл жұмыстар күн сайын жүргізіледі екен. Негізінен, бұл – жеке сектор мен көпқабатты үйлерде тұратын жануарлардың иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Учаскелік полиция инспекторлары үй жануарларының иелерімен кездескен кезде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын қосымша түсіндіріп отырады. Бұл ережелер өткен жылдың қыркүйек айында облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілді.

Сәрсенбі күні қалалық полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың 35 фактісін анықтады. Оның 31-інде ереже бұзушыларға ескерту берілді, 4 адамға айыппұл салынды. Бұдан бөлек, ит серуендеткен 4 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы бойынша жауапқа тартылды. Полицейлердің айтуынша, бұл жердегі мақсат – хаттама толтыру емес. Ең бастысы – адамдардың, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен аулаларда тазалықты сақтау және

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz