СҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті журналистерге баспасөз турын ұйымдастырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-ның жаңғырту және қайта құру нысандарына баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Баспасөз туры «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясатын іске асыру шеңберінде табиғи монополиялық субъектілердің тарифтерді көтеруден түскен қаражатты мақсатты пайдалануы, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мен активтерін жаңғырту барысын ақпараттандыру үшін ұйымдастырылды.

Шара барысында департамент басшысы Дамир Тоқтамысов қатысушыларға компанияның «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясаты бойынша мүмкіндіктері мен міндеттерін атап көрсетті. Компанияның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы қосымша құн салығынсыз 2 438,2 млн.теңгеге ұлғайтылып, биыл 10 667,97 млн.теңгені құрап отыр. Жаңғыру жұмыстарынан бөлек, кәсіпорынның өндіріс жөніндегі мамандарының  еңбекақысы 181 968 теңгеге өскен.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясын тасымалдау тарифі 10,2 пайызға  (0,52 теңге/кВтсағ) өсті. Қазіргі тариф – 5,60 теңге/кВт/сағ.

Компанияның биылғы инвестициялық міндеттемелері Петропавл қаласындағы кабельдік және әуе желілерін қайта жаңартуға бағытталып отыр. Петропавл қаласы бойынша екі трансформаторлық қосалқы стансаның ғимараты қайта жөнделуде және алты стансаның шатыры жаңартылуда.

Журналистер ат басын тірегін нысандардың бірі облыстық балалар ауруханасы. Емдеу мекемесі аумағында  «СтройЭлектроKZ» серіктестігі елу жыл жаңартылмаған электр желісін ауыстыруда. Желілердің тозығы жеткен. Бұл кабельден өтетін қуатты ауруханамен қатар, 29 жеке және 9 заңды тұлға тұтынады.  Жаңартудан кейін тоқты өткізу көрсеткіші әлдеқайда ұлғаятыны  сөзсіз.  Жоспарлы жұмыс осы айдың соңына  дейін толығымен бітуі тиіс.

Жалпы, қаладағы желілерді жөндеп, ауыстыру жұмысына биыл 1,7 млрд.  теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ, өткен жылғы ауыспалы жобалардан қалған жарты миллиард теңгеге жуық қаражат бар. Бірақ, бұл қаражат желілердің тозығын  төмендетуге жеткіліксіз. Қазіргі таңда қаладағы кабельдердің  90 пайызының тозығы жеткен. Облыс бойынша жағдайды жақсарту үшін 11-17 млрд. теңге қаржы керек.

1,7 млрд. теңге болатын ивестициялық жобаларға бүгінде қосымша 150 млн. теңге бөлінді. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар бірлесе жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын бағамдайды. Тарифтік смета да назарда. Инвестициялық жобалар толық жүзеге асырылмаса немесе қаржы мақсатсыз пайдаланылса серіктестік заң жүзінде жауапқа тартылады. Ірі компанияларға 5 млн. теңгеге дейін айыппұл салынады, – дейді департамент басшысы Дамир Тоқтамысов.

Журналистер барған екінші нысан «Береке» шағынауданында  орналасқан. Қ. Байболов көшесіндегі электр сымдары жаңасына  ауыстырылыпты. Бұл учаскеге жақын жердегі жұмыстар әлі де жалғасуда. Ұзындығы 4 шақырым болатын ескірген желі мен 24 баған ауыстырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz