СҚО кикбоксшылары жарады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шымкент қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншігінде солтүстікқазақстандық спортшылар жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Қазақстан чемпионатына еліміздің 18 қаласынан 211 спортшы қатысты. Өңір намысын қорғаған 9 кикбоксшының 3-уі алтын, 2-уі күміс және 4-уі қола медальдарға қол жеткізді.

Жарыстың фулл-контакт бөлімінде 54 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Жарасов, 54 килограмда Аслан Асылбеков пен 86 килограмда Нұрсұлтан Жақыповтар алтыннан алқа тағынды. Ал Омар Түлебаев 81 килограмда күміс жүлдені місе тұтып, қыздар арасында 48 килограмда Роксана Гасымова екінші орынға табан тіреді. Қола медальдар Нұрсұлтан Кәрімханов, Станислав Заграбельных, Рахат Қажымұратов пен Альбина Вахитоваға бұйырды.

– Спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті. Бір жыл бойғы дайындықтары зая кетпеді. Жерлестеріміз енді халықаралық додаларға дайындалады, — дейді СҚО-ның кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Әділ Нұржауыпов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz