Петропавлда абаттандыру қағидаларын бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері Московская көшесінде үйіліп жатқан құрылыс қалдықтарын анықтады. Белгілі болғандай, металл қабылдау пунктінің иесі бұл қоқысты қоршаудың бойында үйіп төккен.Тәртіп сақшылары қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту жазып берді. Азамат бірден 10 күн ішінде бұзушылықты жоюға міндеттелді.

– Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бұзушылықтарын анықтау – учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы бағыттардың бірі. Естеріңізге сала кетейік, абаттандыру қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – дейді Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3230 бұзушылығын анықтады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz