«Севказэнерго» АҚ-дан мемлекет пайдасына 368 млн. теңге өндіріп алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесе «Севказэнерго» АҚ-ның қызметіне  тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жүргізілген тексеріс барысында табиғи монополиялар, метрологиялық талаптар, өнеркәсіп қауіпсіздігі, экология, азаматтық қорғаныс, еңбек, электрэнергетика, салық заңнамалары саласында заң бұзушылықтар анықталды.

Компания метрологиялық тексерістер өтпеген өлшеу құралдарын пайдаланған, бекітілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған; қалдықтарды лақтыру бойынша эмиссия нормативтері артық болған, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған; №2 жылу-электр орталығы цехтарында да олқылықтар анықталды; міндетті төлемдер мен салық (корпоративтік салық табысы, қосымша құн салығы және салықтың басқа түрлері) сомаларын азайту фактілері анықталып, бюджетке жалпы сомасы 260 млн теңгенің түспегендігі белгілі болды.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар, соның ішінде — еңбек ақыны төлеу бойынша талаптарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау ережелерін, Табиғи монополиялар туралы заңды, бюджетке міндетті төлемдер мен салық сомаларын азайту, экологиялық заңнамамен қарастырылған міндетті мәліметтерді ұсыну бойынша «Севказэнерго» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша жалпы сомасы 108 млн. теңге түрінде айыппұл салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша компаниядан мемлекеттің пайдасына 368 млн. теңге көлемінде сома өндіріліп алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz