232
Павлодар қаласында ересектер арасында қазақ күресінен Махмет Қайырбаевты еске алу турнирі өтті. Дүбірлі жарыста өңір намысын «Қызылжар арландары» спорт клубының мүшелері қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Павлодардағы «Баянтау» спорт кешенінде өткен жарыста жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. 55 килограмм салмақ дәрежесінде Еркебұлан Қалымбеков, 66 килограмда Нұрғали Тұсынғазиев пен 74 килограмда Батырхан Қайырбек алтын медальдарға қол жеткізді. Ал 82 килограмм салмақта Мейірбек Рахимов қола жүлдегер атанды. 100 килограмм санатындағыларда екі бірдей балуанымыз үшінші орынға ие болды. Олар Алтынбек Аусағитов пен Қанат Өмірзақ.