Петропавл полицейлері қаланың ортасында итін серуендетіп жүрген мас әйелді анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері қаланың ортасында итін серуендетіп жүрген мас әйелді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов қызмет атқару барысында Қазақстан Конституциясы мен Горький көшелерінің қиылысында итті серуендетіп жүрген үш әйелді байқап қалды. Стаффордширлік терьердің тұмсығында тұмылдырығы тағулы болған, әрі ұзын мойын жіппен жетектеп жүрген. Полиция қызметкеріне иттің иесі мас күйде екені көрінді. Тексеру барысында екі әйел полицейлердің заңды талабына бағынбады. Нәтижесінде 39 жастағы және 35 жастағы әйелдер медициналық куәландыруға жеткізілді. Оның нәтижесі әйелдердің мас күйде болғанын көрсетті. СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері итті уақытша орталықтағы торға орналастырды. Әйелдер полиция басқармасына жеткізіліп, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2, 434 және 667-баптары бойынша бірнеше хаттама толтырылды. Процесстік шешім қабылдау үшін жиналған материалдар сот органдарының қарауына жіберілді. Кейін мастығы тараған иесі итін алып кетті.

Айдын Ақмағамбетовтың ақпаратынша, жыл басынан бері Петропавл қаласында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Апта сайын учаскелік полиция инспекторлары қаланың әр бөлігінде тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Алайда нақты құқық бұзушылық орын алған жағдайда хаттама толтыруға мәжбүр болады.

– Иттер мен мысықтарды бағып-қағу және серуендету қағидаларын бұзудың алдын алу, тазалық пен абаттандыруды сақтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр, – дейді қалалық полицейлер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz