Облыста жедел жәрдем қызметкерлері дәрілік препаратты қолданғаннан кейін есінен танып қалған адамды құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, 44 жастағы ер адамда аллергиялық реакцияның ауыр асқынуы — анафилактикалық шок болды.
– Дәрігер Исламбек Кенжетаев пен фельдшер Максим Рябовтың бригадасы анафилактикалық шок алған өңір тұрғынына көмектесті. Белгілі болғандай, жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа келгенде оның жағдайы өте ауыр болды. Ер адамға «Цефтриаксон» инъекциясы енгізілгеннен кейін тынысы тарылып, ол есінен танып қалды. «ACLS» стандарты бойынша реанимациялық шаралар қолданылды. Тұрғын өкпені жасанды желдету аппаратына қсыоылып, дереу № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, — дейді Юрий Белоног.
Науқаста антибиотиктерге ауыр аллергиялық реакция пайда болды. Оның кесірін жою мақсатында тиісті шаралар қолданылып, дәрігерлер науқасты аман сақтап қалды.