Білім министрі мектептерде хиджаб кию мәселесі жайында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Білім министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ғани Бейсембаев заң талаптарына сәйкес барлық оқушылар сабаққа мектеп формасымен келуі керек екенін еске салды.

— Сіз мұны жақсы білесіз. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Бұл тұрғыда ешбір өзгеріс жоқ – барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында. Мектепке бекітілген мектеп формасымен бару керек, — деді министр.

Журналистердің мектепке хиджаб киюге тыйым салынады ма деген нақтылау сауалына министр: «Формаға қандай талаптар қойылады, солай болуы керек» деп жауап берді.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ата-аналар мектепке барудың басты мақсаты – сапалы білім алуды түсінуі керек.
— Біз осыдан шығуымыз керек, бұл жерде басқа мәселелерді шатастырып жатудың қажеті жоқ. Бала сапалы білім алуы керек, бұған ата-ана заң бойынша өз үлесін қосуы керек, бәріміз заңның талабын орындауымыз керек. Бұл жерде бір нәрсе бар. Конституцияда зайырлы мемлекетіміз бар деп жазылған. Сондықтан балалар мектеп формасын киіп, мектепке мектеп формасымен келуі керек. Бұл талап. Бұл тұрғыда ешнәрсе өзгерген жоқ, — деді Білім министрлігінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz