СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында зақымдалған көліктерді артып алған эвакуаторлардың автошеруімен өткізді,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Эвакуаторлар мен патрульдік көліктерден құралған автокөліктердің легі «Астана – Петропавл» тас жолына шығып, облыс орталығынан бастап, Аққайың ауданының шекарасына дейін жүріп өтті. Автошерудің қатысушылары жол-жөнекей тоқтап, жүргізушілерге жадынамалар, парақшалар таратты.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жолда жүру қағидаларының 1448 бұзушылығы, дәлірек айтқанда, көлік құралдарын масаң күйде басқарудың – 22, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 178, жылдамдықты асырудың 156 фактісі анықталды. Жаяу жүргіншілер тарапынан 143 бұзушылық тіркелді. Олар жолдың рұқсат етілмеген жерінен және бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен.

Биыл жылдың 7 айы ішінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 22 адам көз жұмып, 20 адам түрлі жарақат алды. Мас жүргізушілердің кінәсінен 14 жол апаты тіркелді, 4 адам қаза тауып, 20 адам жарақаттанды.

– Бұл соңғы екі айда өткізіліп отырған екінші акция. Автошерудің мақсаты – жол жүрісі қағидаларының бұзылуы осындай жағдайға алып келуі мүмкін екенін облыс тұрғындары мен қонақтарына көрсету. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жол үстінде жылдамдық режимін асырмай, қауіпсіз арақашықтықты ұстауға, барынша сақ болуға және автокөлікті шаршаңқы күйде жүргізбеуге шақырамыз. Жол қателіктерді кешірмейді. Жол жүрісі қағидаларын сақтау арқылы өзіңіздің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірін сақтап қаласыздар, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz