Еріктілердің көмегімен 7 қылмыстың беті ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еріктілер күнінде СҚО полицейлері ерікті полиция көмекшілерін марапаттады, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Белсенді азаматтық ұстанымы бар еріктілер, “Lider.kz” ұйымының қатысушылары, “Қамқор” студенттік ұйымы — полицейлермен бірге хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіреді. Петропавлдықтар тәртіп сақшыларымен бірге брошюралар мен жадынамалар тарататын, интернет-алаяқтардың айла-амалдарын түсіндіретін, есірткінің зиянды әсері туралы әңгімелейтін жарқын жилет киген жастарды жиі көреді. Сонымен қатар ерікті полиция көмекшілері күн сайын жұртшылық көп жүрмейтін жерлерде жұмыс істейді.

Петропавлдағы 356 бейнекамера учаскелік полиция пункттеріне шығарылды. Учаскелік инспекторлардың міндеттері мониторларда көп уақыт өткізуге мүмкіндік бермейді және оларды ерікті көмекшілер жиі ауыстырады. СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, жыл басынан бері олар 7 қылмысты ашуға жәрдемдесіп, 2191 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті.

– БҰҰ бастамасымен 1985 жылдан бері аталып келе жатқан Халықаралық еріктілер күнінде облыстық полицияның ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласы полиция басқармасының гарнизондық жиналысында полицияның үш ерікті көмекшісі марапатталды. Олар: Алина Дружина, Сұлтан Азмағанов және Камила Жүнісова. Оларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді жәрдемдескені үшін грамоталар табыс етілді, – деді Айдын Байматов.

Солтүстік Қазақстанда құқық қорғау бағытындағы 334 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, оның ішінде 126 “Сақшы-Сарбазы” отряды, 5 студенттік отряд, 191 жұртшылық кеңесі бар. Олардың барлығы қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылады, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz