Петропавлда «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының әскери атыс алаңында «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқау барысында әскери қызметшілер «АК-74» автоматынан, Макаров тапаншасынан, РПК мен ПКТ пулеметінен ату, сондай-ақ автомобильдері мен «БТР-80» бронетранспортерлерін жүргізу дағдыларын қазылар алқасына паш етті.

Сынға келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүргендер, оқу орнының курсанттары, әскери көлік жүргізушілері, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік жүргізуші» болып, әскери академияның автомобиль взводының аға маманы Тасболат Дусмогомбетов жеңімпаз атанды.  БТР экипаждары арасында 1 орынды әскери академияның оқу-жауынгерлік және оқу машиналары взводының аға маманы Дархан Әлкенов жеңіп алды. Ол басқарған БТР экипажы 92 балл жинады.

— Жарыстың басты мақсаты – тәжірибелік дағдыларды арттыру және академияның үздік жүргізушісі мен үздік экипажын анықтау. Сондықтан конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар қарапайым болған жоқ, бірақ соған қарамастан олар өз шеберліктерін көрсете алды, — дейді ҚР Ұлттық ұланы әскери академия бастығының орынбасары Қайрат Токин.

Енді байқау жеңімпаздары қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында өтетін жалпы әскери байқауға қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz