196
Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарды жеңілдетілген шағын несиелеу механизмі бойынша 5,3 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 3 344 жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
ҚР Үкіметінің мәліметінше, қазір 2577 жобаны жүзеге асыруға 11,4 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді. Қалғаны қаржыландыру сатысында.
Жеңілдетілген несие алушылардың ішінде мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларының кәсіпкерлері басым.
Несие 21 бен 35 жас аралығындағы азаматтарға өз ісін ашуға немесе кеңейтуге беріледі. Үкімет 2023 жылы 29 млрд теңге көлемінде 5 796 шағын несие беруді жоспарлап отыр.