Александр Трикачев — СҚО прокурорының орынбасары

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Бас прокурордың  бұйрығымен  Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып Александр Трикачев  тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас прокурордың бұйырығы 2023 жылы тамыздың 22-сі күні өз күшіне енді. Енді СҚО прокурорының орынбасары қызметін аға әділет кеңесшісі  Александр Владимирович  Трикачев атқаратын болады.

Александр Трикачев еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастады.

2007 және 2019 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарының және Петропавл қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау бойынша басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

Прокуратура органдары қызметіндегі еңбек өтілі — 23 жыл.

Ол заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградамен, «Жауынгерлік ерлігі үшін»  медалімен  және Қазақстан Республикасы прокуратура органының құрметті қызметкері  төс белгісімен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz