СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Қаблан Қамбарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаблан Қамбарбеков Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, «Тұран-Астана» университетін тамамдаған.

Ол әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде сарапшы, бас сарапшы, Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің бөлім басшысы, ҚР Қаржы министрлігінде бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы, Астана қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасының басшысы болды.

2020 жылдан осы күнге дейін Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz