Жұмысқа салғырт қарайтын мемлекеттік қызметшілер жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілерге 297 тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, мемлекеттік органдар ұсынатын тоқсан сайынғы есептер негізінде өз қызметін тиісті деңгейде орындамаған қызметішілер жазаланды.

— Қаңтар айынан өз ісіне немқұрайлы қараған 3 адам қызметінен босатылды. 15-сіне қызметтік сәйкестігі туралы ескерту жасалып, 19-ы қатаң сөгіс алды. Тағы 99-на сөгіс және 16-не ескерту берілді. Жыл басынан департамент жоспардан тыс үш тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, СҚО әкімдігінің білім басқармасы және Аққайың ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза беру туралы 5 өтініш қаралды, — дейді СҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің бас маманы Дархан Ермеков.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz