Елімізде 3,2 млн-нан астам жұмыскердің өмірі сақтандырылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,2 млн-нан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады.

Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

— ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz