Төбеден аққан су тұрғындарды әбігерге салуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің шатырынан су ағып, тұрғындарды әбігерге салуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Горький, 16 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған.  Қажетті инфрақұрылымдық желілер уақытылы тартылмағандықтан, тұрғындар жаңа пәтерлеріне қоныстана алмай отыр.

– Жаңа үйімізге  өткен жылдан бері көше алмай жүрміз. Биыл шілде айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімімен келісімшарт жасасып, пәтер кілтіне ие болдық.   Баспанама  жөндеу жұмыстарын жүргізу  үшін қажетті заттарды апарған едім.  Ішке кірсем екі бөлменің төбесінен су ағып жатыр екен. Бұл мәселемен әкімдікке хабарласып, құрылысқа жауапты мердігерге шағымдандым, — дейді қала тұрғыны Андрей Михин.

Белгілі болғандай, Горький, 16 мекенжайындағы үйдің пәтерлеріне жаңбыр жауған сайын шатырдан су кіреді. Мұны жаңа үйден  пәтер алған өзге де қалалықтар растап отыр. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құрылысқа жауапты «Альфа Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орын алған  олқылықтарды түзетуде.

— Шатырдағы нөсер кәріз құбыры жөнделіп, жаңбыр суы зақым келтірген пәтерлердегі олқылықтарды мердігер компания түзеп жатыр.  Мәселені «Альфа Север» ЖШС тамыздың 31-не дейін дұрыстайды, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілері.

Үйдің айналасын абаттандыруға жауапты «Энерджи – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті жұмыстарды тамыздың 15-сі күні аяқтауы тиіс еді. Әзірге бұл шаруа бітпей отыр. Жұмысты кешіктірген компания жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz