Петропавлда «Сізге ынтымақ керек!» атты көрме өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда  «Сізге ынтымақ керек!» («You neet unity» ) деген атаумен өткізілген көрмеде қаламыздың  суретшілері жиналған қауымға  өз туындыларын ұсынып қана қоймай, оларды сатуға мүмкіндік алды. Қылқалам шеберлерінің шығармалары әртүрлі стильдер мен тақырыптар бойынша салынған.  Сөредегі картиналардың ең төменгі құны шамамен 10 мың теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бұл шара петропавлдық суретшілердің өз өнерлерін шыңдауына мүмкіндік береді. Өткен жылғы жобамыз жақсы жаңалықтарға  толы болған еді. Біз  жұртшылыққа жаңа есімдерді танытуға тырыстық.  Заманауи бағыттағы суреттер салатын өнерпаздармен таныстық.  Ал биылғы шара мүлдем өзгеше бағытта өтіп жатыр. Жергілікті жұршылық суретшілердің еңбектерімен ғана емес әншілер мен бишілердің өнерлерін тамашалй алды», — дейді көрмені ұйымдастырушы Лиа Мкртчян.

Көрмеге Алматыдан арнайы шақырылған құрметті қонақтардың бірі — Мария Ильницкая суретшілерге шығармашылықты коммерцияға қалай айналдыру керектігін айтты. Жас  суретшілерге қажетті құрал-жабдықтар, идеялар  туралы мәлімет  берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz