Полиция СҚО-да «WhatsApp» желісінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.
— Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру — жалған ақпарат. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз, — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.