Сотталғандар туыстарымен жүздесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №50 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта №50 мекемеде 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Ашық есік күнінде бірнеше облыстан (Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Астана қаласы) 59 сотталғанның 190-ға жуық туысы келді.

Ашық есік күніне алғаш рет келген, мекеме аумағымен және сотталғандарды ұстау шарттарымен танысқысы келетін туыстары үшін тұрғын аймақ бойынша экскурсия өткізілді, сондай-ақ тәттілер, концерттік бағдарлама және аниматорлармен шоу көрсетілді. Қонақтар алдында мекеме бастығы Қанат Сүлейменов сөз сөйлеп, жақындарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сотталған М. үшін бұл күн тек туыстарымен кездескені үшін ғана емес, сонымен бірге мерзім аяқталуына байланысты мекемеден босатылатыны үшін де ерекше қуанды.

– Бүгінгі күн есімде ұзақ уақыт қалатыны сөзсіз. Осыншама уақыттан кейін отбасыңмен қайта бірге болу – нағыз бақыт. Болашақта мен барлық жоспарларым мен армандарымды жүзеге асырамын деп үміттенемін. Бейімделуге көмектескені үшін мекеме әкімшілігі мен қызметкерлеріне үлкен рақмет, – деді ол.

Іс-шара соңында сотталғандардың туыстары мекемеге келіп, жақындарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке алғыстарын білдірді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz