Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында белгісіз ер адам 15 жастағы қызға шабуыл жасап тонады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға жайлы ақпарат полицияның «102» пультіне келіп түсті. Бескөл ауылы тұрғыны белгісіз ер адамның 15 жастағы қыздан бір мың теңге сомасындағы қаражатты ашық иемденгені туралы хабарлады.
— Аталған факт ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.