СҚО-да электрлі самокат пен скутер жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркеліп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері электрлі самокаттар мен велосипед мінетін азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырды,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тәртіп сақшылары 30 тамызда күшіне енетін “Жол қозғалысы туралы” Заңға енгізілген түзетулер жайлы еске салуда, сондай-ақ электрлі көліктің жүргізушілерін қауіпсіздікті шараларын сақтауды сұрайды. Шлем, тізе мен шынтақ қорғауыштар пайдалану, жарық қайтарғыш элементтерді киімге, рамаға және сөмкеге жабыстыру. Осының барлығын полиция қызметкерлері самокат пен велосипед мінушілерге қолдануға кеңес береді. Барлық ережелерді сақтап, жолда келе жатқанның өзінде де оқыс оқиға болып қалуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын қолға алған жөн.

Полицейлер бірер күннен кейін ел аумағында басталатын “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде де мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алмақ.

– Естеріңізге сала кетейік, “Жол қозғалысы туралы” Заңға енгізілетін түзетулерге сәйкес электрлі көлік құралдарына, самокаттарға тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, ал автокөлік жүретін жолға шыққанда оларды басқаратын жүргізушілер бастарына шлем киюі және өзімен бірге кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Қазіргі уақытта біз электрлі самокаттардың жүргізушілерімен профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз – осы көлік түрінің жүргізушілеріне және айналадағыларға төнетін қауіпті азайту, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Биыл жеті айдың ішінде СҚО жолдарында 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 22 адам қаза тапты. 266 адам жарақат алды. Велосипедшінің қатысуымен – 1, скутер жүргізушінің қатысуымен бір жол апаты тіркелді. Екеуінде де велосипедші мен скутерші зардап шекті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz