Кішкенекөл ауылының жолдары жөнделуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Уәлиханов ауданының жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 494 млн. теңге қаржы бөлініп,  жолдар қалпына келтіріле бастады. Тапсырысты орындауды қолға алған мердігер – қызылордалық «Сапақ» компаниясы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кішкенекөл ауылында барлығы 27 көше болса, соның сегізіне қиыршық тас төселген. Ауылдағы ең ұзын Жамбыл көшесі екі шақырымды құрайды.  Оны жөндеуге жиырмаға жуық адам мен   он бес бірлік техника жұмылдырылған.

– Жобаға бағытталған қаржының 74 млн. теңгесі игерілді. Жоспарлы жұмыс қазан айынның соңына дейін аяқталуы тиіс. Ауа райы қолайсыздық тудырмаса, жұмыс қарқынын бәсеңдетпейміз, – дейді мердігер кәсіпорын өкілі Мырзабек Ділімбетов.

Алты мыңнан астам адам тұратын Кішкенекөл ауылында екі мыңға жуық  шаңырақ бар. Ауыл ішіндегі барлық жолдың ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 16,4 шақырымға қиыршық тас төселіп, жөнге келтірілген. Жолдар толық жөнделген соң, жол белгілері орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz