Сот шешімін елемеген шетелдіктер ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамаған деструктивті діни ағым жетегіндегі шетелдік азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірлесіп, Қазақстанда тыйым салынған діни-тоталитарлық сектаны ұстанушы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтап ұстады.

42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел осыған дейін де жедел уәкілдердің назарында болды. 2022 жылдан бастап олар Петропавл қаласына келіп, “рухани тазаруды” уәде еткен және секталарына шақырған. Нәтижесінде осы жылдың басында екеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Сот құқық бұзушыларды 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлды төлеп қана қоймай, ел аумағынан шығуға міндеттеді. Алайда сектаны ұстанушылар Ресейге емес, Петропавлдан Алматыға кетіп қалған. Уақыт өте келе оларды полицейлер тағы та ұстады. Бірер күн бұрын Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оларды ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Заң бұзушылар Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді және оларға ҚР аумағына кіруге 5 жылға тыйым салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz