Бұл ретте 2022 жылға арналған ЖІӨ құрылымында Алматы қаласы ең үлкен үлесті алады – 18,5%, одан кейін Атырау облысы – 13,2%, елорда 10,3% көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеп тұр. ЖІӨ-дегі ең аз үлес Жетісу өңірінде – 1,4%.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы 5 284,7 мың теңге болды. Өңірлер бойынша жетекші орындарды Атырау облысы (19 974,1 мың теңге), Алматы қаласы (8 985,6 мың теңге) және Астана (8 053,9 мың теңге) алады.
Соңғы орындарда Жамбыл облысы (2212,2 мың теңге), Жетісу (2042,1 мың теңге) және Түркістан облысы (1671,8 мың теңге) тұр.
— Жалпы өңірлік өнімдегі бақыланбайтын экономиканың ең үлкен үлесі Түркістан (33,93%), Жетіс (32,00%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (24,07%), ең азы Маңғыстау (12,97%), Ұлытау (12,97%) және Атырау (11,19%) облыстарында байқалады, — делінген хабарламада.